Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров мәлімдеді, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Егер 2022 жыл туралы айтатын болсақ, онда біз Орталық Азия мемлекеттерінің аумағында: Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық бойынша іс-шаралардың барлығын дерлік жоспарладық», – деді Анатолий Сидоров.
Оның айтуынша, жаттығулар 2022 жылдың екінші жартыжылдығында өткізілмек.