Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үш келініме мен емес, халық ене сияқты» – Гүлзира Айдарбекова

0 192

Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова кенжесінің үйлену тойынан кейін халыққа алғыс айтты деп жазды turkystan.kz.

«Ең кіші ұлымыздың үйленуі тек бізге емес, бүкіл қазақ еліне жыр болған сияқты. «Көп тілегі – көл» деген, тілектеріңізді де Алла қабыл етіп, өзімнен аумай қалған үш келініммен суреттерімізбен бөлісіп қояйын. Айттым ғой сіздерге, ең бастысы, төрт көзіміз түгел амандықта болсақ, қалғаны ақылмен бола береді деп. Бізбен бірге қуанышымызға ортақ болып, телефонға үңіліп, тілеуімізді тілеп отырған барша Қазақ еліне алғысым шексіз! Сіздердің де отбасыларыңызда дүбірлеген той болсын! Мұның бәрі – бір Қайраттарыңыздың жиған абыройы. Титтей кезінен көз алдарыңызда ел аралап, махаббаттарыңызға бөленіп, қолдап-қорғап, сүрінсе – демеп, қуанса – бірге қуанып келгендеріңізге, міне, 15 жыл болды. Осы ниеттеріңізге разылығын жеткізу үшін кейде Қайрат халыққа не жақсылық жасасам екен деп соңғы кезде көп ойланатын болып жүр. Қайраттарыңыз болмаса, біздің отбасымызды танымаушы да едіңіздер. Оның ата-анасы – бізден бастап, бауыр-келіндері, бала-шағалары, араласатын жақындарымыз, құда-құдағиларымыз бәрін қадағалап, өз ұлдарыңыздай көзден таса етпей отырасыздар» деп жазды әншінің анасы.

Сондай-ақ ол ара-тұра келіндеріне қатты-қатты сөз айтып қоятынын да жасырмады.

«Үш келініме мен емес, халық ене сияқты. Сырттарынан мінін түзеп, аяғын қисық баспауы үшін сын айтып, кейде қуаныштарына бірге қуанып, дұға тілеп отырады. Міне, халықтың баласы деген осы шығар. Кейде ұрысып, біреулер қызыл кеңірдек болып жатса, ашуланамын да, артынан күліп аламын, бұған да шүкір. Кейде келіндеріме айтамын, қаттырақ ұрыссам, керісінше мені жақсы көріңдер, көшедегі басқа бір келін болса, басымды қатырмаушы едім деп жиі айтамын. «Өзіңдікі өзегінен тепсең де кетпейді» деген. Ұрпағымның жалғастырушысы болғандықтан, қаттырақ айтқаным деп қабылдаңдар деп отырамын. Өзім күнде ұрыспайды да екенмін, жылына 1-2 мәрте қаттырақ айтып тастауым мүмкін. Оның өзінде шектен шығып бара жатса ғана. Нұрекең жүр, «сен мені хит емес, ит қылдың», «емін-еркін бір жерде отыра да алмай қалдық», «не деген бітпейтін өсек-аяң» деп. Толыққанды бір отбасының, яғни Қайрат ұлдарыңыздың қаймағы бұзылмаған жанұя болуына себепкер болып жүрген сіздерге аналық жүрегіммен алғысымды айтамын. Сіздердің мына өмірде бар екендеріңізге Аллаға сансыз шүкір, өз қазағым, өз жұртым. Алла ниеттеріңізге қарап, сіздерді де сүйіншілесін!» деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.