Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлері бір тәулікте бес әлеуметтік маңызы бар нысанды қорғауға алды. Бұл туралы 11 қаңтарда ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы, генерал-полковник Андрей Сердюков мәлімдеді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Кейінгі тәулікте ҰҚШҰ бітімгершілік күштері тағы бес әлеуметтік маңызы бар нысанды қорғауға алды», – деді Андрей Сердюков журналистерге.
БЕлТА мәліметінше, Беларусь бітімгершілік күштерінің әскери контингенті Жетіген әскери аэродромы және оқ-дәрі арсеналы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сурет: belta.by
Сердюковтың айтуынша, қазір ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен нысандарды еліміздің құқық қорғау органдарына беру жоспарын әзірлеп жатыр.
11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ әскерлері 10 күн ішінде Қазақстаннан шығарылатынын мәлімдеген болатын.