Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әсет Исекешев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

0 195

Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын» деп жазылған Жарлықта.

Әсет Исекешев 1971 жылы 17 тамыз күні Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1989 жылы Орал қаласындағы №5 арнаулы кәсіби-техникалық училищесін «слесарь-жинаушысы» мамандығы бойынша бітірген.

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған.

1998 жылы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебін аяқтаған.

1989 жылы – «Омега» Орал аспап жасау зауытының радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың слесарь-жинақтаушысы.

1995-1997 жылдары – прокуратура органдарында жұмыс істеді.

1998-1999 жылдары – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы.

1999-2000 жылдары – ҚР Әділет министрлігі Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаментінің директоры.

2000-2002 жылдары – жеке секторда қызмет істеді.

2002 жылдың қарашасынан бастап ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2003 жылдың маусымынан бастап ҚР Индустрия және сауда вице-министрі.

2006 жылдың мамыр айынан бастап «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2007-2008 жылдары – жеке секторда жұмыс істеді.

2008 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі.

2009 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Индустрия және сауда министрі, 2010 жылы наурызда Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қаңтарынан Индустрия және жаңа технологиялар министрі, 2012 жылдың қыркүйегінен Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылдың тамызынан 2016 жылдың маусымына дейін Инвестициялар және даму министрі. Сонымен қатар, 2015 жылдың ақпан айынан бастап инвестициялық омбудсмен.

2016 жылдың 21 маусымынан бастап Астана қаласының әкімі.

2018 жылдың 10 қыркүйегі мен 2019 жылдың 24 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2019 жылдың 25 наурызынан 2020 жылдың 16 қаңтары аралығында ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры.

Осыған дейін 2020 жылдың 16 қаңтарынан бері ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.