Қалалық қоғамдық-саяси газет

Серіктесінен – жауапкерлерге

0 179

Сот Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жіберілген заң бұзушылықтарды жою үшін Біртанов ісін прокуратураға қайтарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі dknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұма күні қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ пен оның бұрынғы орынбасары Олжас ӘБІШЕВтің ісіне қатысты кезекті алдын ала тыңдау өтіп, жаңа мәліметтер анықталды. Белгілі болғандай, Қаржылық бақылау агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен ақпараттандыру платформасын әзірлеген хорватиялық Ericsson Nikola Tesla компаниясына қатысты «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Іс халықаралық арбитраж жіберілсе, онда елімізге шамамен 1 миллион доллар көлемінде шығын келуі мүмкін екенін айтады сотталушылардың қорғаушылары.

Хорватиялық компания мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар қызметкерлеріне қатысты тергеу бөлек қылмыстық іс ретінде қарастырылмақ. Елжан Біртанов мұны заң бұзушылық деп атады.

«Қаржылық бақылау агенттігі министрліктің қай қызметкерлерін қандай бұзушылықтары үшін жауапқа тартпақшы? Комиссия мүшелерінің актіге қол қойғаны үшін бе? Платформаны іске қосуды тоқтатқаны үшін бе? Әлде басқа әрекеттер үшін бе? Мұны білмейміз. Менің ойымша, егер сот тексеруін белгілесеңіз, бәлкім ENT мен Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінен мынаны анықтағымыз келеді. Платформаның жұмыс істемейді деудің себебі неде? Кімнің кінәсінен бұлай болды? Өйткені бұл мәселелер бізді айыптауға тікелей қатысты. Бірақ біз мұны істей алмаймыз. Себебі бұл басқа қылмыстық іс. Бұл – абсурд және қылмыс. Іс екіге бөлінген, онда не болып жатқанынан хабарсызбыз. Қалайша бұл іс бізге қатысты емес», деді Елжан Біртанов.

Біртанов Ericsson Nikola Tesla әлемдегі ең ірі компания әрі Қазақстанның инвесторы екенін, ұялы байланыс саласында, атап айтқанда Kcell-ге технологиялық қолдау көрсетеді.

«Бұл Kcell-ге жасалған шабуыл емес пе? Біздің ісімізде жасалды деген қылмыс – Әбішев екеуміздің жұмыс істемейді делінген платформаны қабылдауымыз, соған байланысты ақша алды деп жалған айып тағып отыр. Әлбетте ешқандай қылмыстық әрекетке бармағанымызды дәлелдейміз. Бірақ күні ертең Ericsson компаниясы елімізге талап қоя ма деп қорқамын. Сотта оңай кінәлі етіп шығару үшін тергеуші ХАСАНОВ осындай әрекетке барған (Ericsson Nikola Tesla компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғаған. – Л.Т.)», деді Біртанов.

Ол үкіметтің Ericsson-ға тағылған айыптарға қатысты ұстанымын білу үшін сот ісін тоқтату туралы өтініш берді.

«Егер үкімет бұл айыптауларды қолдаса, онда ешқандай сұрақ туындамайды. Сотты Қазақстан азаматтарының заңды мүдделеріне қауіп төндірмей жалғастыру қажет деп есептеймін», деп қосты айыпталушы.

Сондай-ақ оның пікірінше, платформаның жұмыс істейтінін растайтын және тағылған айыптардың негізсіз екенін дәлелдейтін техникалық жағдайын тексеру актісі секілді аса маңызды дәлелдердің қылмыстық іске қосылмағанына наразылық білдірді.

Бұл мәселеге қатысты экс-министрдің қорғаушысы, оның ағасы Есжан БІРТАНОВ та сөз сөйлеп, «басты сот талқылауын бастауға кедергі келтірген іс қозғау және қарау кезінде жіберілген өрескел заң бұзушылықтарға» байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Заңсыз тергеу әрекеттерінің салдарынан Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік мүдделеріне төнген қауіптің алдын алу кезек күттірмейтін мәселе. Денсаулық сақтау министрлігі мен Ericsson арасындағы тергеу нәтижесінде туындаған азаматтық-құқықтық дауды, сондай-ақ Хорватия Республикасымен дипломатиялық шиеленісті тез арада шешу қажет. Өтінішке Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Премьер-Министріне жазған хатының және Хорватия Сыртқы істер министрлігінің 2021 жылғы 26 қарашадағы нотасының көшірмелерін қоса бердім», деді қорғаушы.

Оның айтуынша, қазақстандық ақпараттық жүйелердің интерфейсін интеграцияның техникалық талаптарына сәйкестендіріп, Денсаулық сақтау министрлігінің дайын, жұмыс істейтін платформасын пайдалануға беру кезек күттірмейтін мәселе.

«Әйтпесе, еліміз халықаралық жанжалға қалады да, жеңіліске ұшырайтын халықаралық арбитражда айыпталушы ретінде аталады. Бұл бюджетке үлкен шығын әкеледі», деп есептейді Есжан Біртанов.

Оның айтуынша, 2021 жылы соттарда мемлекет.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.