Семейде жүргізуші анасы мен оның 2 және 3 жасар балаларын қағып, қашып кетті. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жүргізушіні анықтауда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Морозов-Шевченко көшелерінің қиылысында 10 қараша күні, шамамен 18.00 шамасында болған.
Полициядағылардың айтуынша, белгісіз көлік иесі әйел мен оның екі баласын қағып, қашып кеткен. Балалардың жасы небәрі 2 және 3-те. Олар анасымен бірге ауруханаға жатқызылды.