Семейде теміржол вокзалының қызметкерлері егеуқұйрықтардың шабуылына шағымданады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Atameken Business арнасының мәліметінше, кеміргіштер, әсіресе, түнде, қызметкерлер мен жолаушыларды қорқытып, ғимараттың айналасында қозғалып жүреді.
Жақын маңдағы кафелердегі антисанитарлық жағдайға байланысты егеуқұйрықтар пайда болғаны айтылды. Ал суық ауа райының басталуымен олар жылы жерге ауыса бастаған.
Осы жағдайдан соң вокзал басшылығы шараларды қолға алуға кірісті. Уытты пайдалану және тұзақ жасау сияқты дәстүрлі әдістерден бөлек, теміржол вокзалының ғимаратына мысықтарды әкелуге де рұқсат етілді. Үй жануарлары жаңа ортаға үйреніп қалған көрінеді.
Семей теміржол вокзалының қызметкері аумаққа екі мысық әкелінгенін айтады.
“Мысықтар жыртқыш болғандықтан және егеуқұйрықтарға олардың иісі әсер еткендіктен осындай шешімге келдік. Қазір екі мысық әкелдік, олар өзінің тиімділігін көрсетіп үлгерді”, – дейді қызметкер.