Қалалық қоғамдық-саяси газет

Семейде селфиге түспек болған екі бойжеткен суға кетті

0 482

Семейде Ертіс өзенінде суретке түспек болған екі бойжеткен суға кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Біреуін жақын жерде жүрген әкесі құтқарып үлгерді. Ал екіншісін судан уақытылы алып шығуға уақыт жетпеді. Ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады.

Айта кетейік, бойжеткеннің бірі 1998, ал екіншісі 1999 жылы туған. Құтқарылған қыз медициналық көмекке жүгінбеді. Осы орайда құтқарушылар көктемгі мұздың қауіпті екенін ескертіп, қауіпсіздік талаптарын естен шығармауға шақырады.  

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.