Қалалық қоғамдық-саяси газет

Семей тұрғыны дүкеннен 700 мыңға тауар алып, ақысын төлемей кетіпті

0 402

Семей тұрғыны дүкеннен 700 мыңға тауар алып, ақысын төлемей кетіпті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 Ағымдағы жылдың 23 қазанында Семей қ.ПБ Әуезов Полиция бөліміне Семей қаласында тұратын Тәжікстан Республикасының 30 жастағы азаматы 2021 жылдың қыркүйек айының соңынан 23 қазанына дейінгі аралықта қала көшелерінің бірінде орналасқан дүкенде 20-25 жас шамасындағы азиаттық келбеттегі бейтаныс қыздың алдау жолымен, алған тауарын мобильді банктік қосымша арқылы төлеймін деген сөзіне сеніп, артынша оны төлемей кеткенін хабарлады. Осылайша 700 мың теңге залал келтірді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап,қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Семей қ. ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.