Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Саудам бітті деп ойладым»: Қазақстандық актриса Лаоста еңбек құлдығына түскен

0 234

Қазақстандық актриса Анель Бермағанбетова жұмыс берушілер алдап әкеліп, Лаос елінде күштеп ұстап отырғанын айтты. Қыз өзінің жағдайы туралы әлеуметтік желіде жазды. Қазіргі уақытта желіге кіруге мүмкіндігі бар көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шамамен бір күн бұрын Анель оқиғасын суреттеп, фотосуреттер салып жағдайды айтып берді.

Ол қытайлық компанияда жұмыс істеп, өз брендін қалыптастыру мақсатында Таиландқа ұшып келген екен. Елге келгеннен кейін қызға сән-салтанатпен жағдай жасалыпты. Жүргізушісі бар қымбат көлік, қонақүй бөлмесі беріліп, кез келген тілегін орындауға болатынын көрсеткен.

Сөзіне қарағанда, кешке қарай алаңдай бастаға. Қазақстандық құрбысы да алаңдаушылығын білдірген.

“Бәрі жақсы, жаңа ел ғой” дедім. Таңертең оянып, апатиялық күйде тұрдым, эмоциямды білдірмей, тамаша ауа арайын тамашалып қонақүйден шықтым. Жеке жүргізушім күтіп алды. Әуежайға мені алып келді, Чиангарайға ұштық, ары қарай 2,5 сағат бір ауылдан өттік. “Анель, саудаң бітті” дедім өзіме. Төлқұжат бақылау сервисіне келдім, таиландықтар бір-біріне басын изеп, тұлқұжатыма мөр басып елден шықты деп белгілеп берді”, – дейді ару.

Содан кейін Анельді қайыққа отырғызып,  басқа жағаға алып кетеді, ол жерде оны ешкім күтіп алмайды.

«Содан соң жағымсыз қытай келді, бірден алаяқ сияқты көрінді, ПТР тапсырып, қытайлық ер адам мен үшін полицияға ақша төлеп, содан соң қытай тағамымен тамақтандырды. Ол мені компанияның кеңсесіне алып барады. Біз аумаққа кірген бойда мен алданып қалғанымды түсіндім.  Мені берден талдау тапсыруға жіберді, менің денім сау ма, есірткі қабылдамағанмын ба тексермек болды. Менің бірінші ойым: «Бәрі бітті, енді менің ағзаларымды алады, ал бұл туралы ешкім де білмей қалады”, – деп жазады Анель.

Содан кейін қызды бірнеше компьютері бар бөлмеге апарып, одан кейін 8 адам тұратын лас бөлмеге орналастырады.

«Біз бастыққа барамыз, онда компьютерде жұмыс істейтін адамдар бар үлкен бөлме болды, содан кейін мен бастықтың алдына бардым. Саусақ көлемімен бірдей бір шыны шай құйып, интернеті бар SIM картасын қояды. Күліп қояды, ал мен осының астарында адамдарға деген қатыгездікді көріп тұрмын. Сосын ол сізге жатақхананы көрсетемін деді. Бірақ шарттарда мен екі кісілік бөлмеде тұрамын немесе қонақүй жалдап беретін болған. 8-бөлмені көргенде, мен шошып кеттім де, жылап жібердім. Ол жер лас еді, темекінің қалдықтары, кір, душ жоқ», – дейді ол.

Анельдің туыстары полицияға, Вьетнам, Таиланд елшіліктері және Лаос Сыртқы істер министрлігіне хабарласқан, бірақ қыз осы уақыт ішінде онымен ешкім хабарласпағанын айтады.

«Қазір Лаоста жүргеніме 4-күн болды, мен бір бөлмеде тығылып алдым, ешкімді кіргізбеймін, кеше қытайлықпен мұндай жағдайда жұмыс істемейтінімді айттым, шығындарын өтеп, үйге қайтып кете алатынымды да түсіндірдім. Ол бұл кіріп-шығып жүретін жер емес екенін айтты, сөзінше, осында бір жыл тұруым керек екен. Қатты шошып кеттім. Бұл инвестициялық платформа атын жамылған алаяқтар компаниясы. Мен клиенттермен жұмыс істейтін менеджер жұмысын орындауым керек еді. Белгілі болғандай, бұл жерде олардың жеке жер телімі бар, осылайша олар осындай заңсыз әрекеттерге барады», – деп жазады қыз.

Қызылорда облысының полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабының 1-бөлігі (адам ұрлаумен байланысты емес заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, Анель Бермағанбетова 2021 жылдың сәуір айында жарыққа шыққан «Офис за чертой» қазақстандық қорқынышты фильмінде басты рөлді сомдады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.