Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сауда министрлігі «Алтын Орда» базарының иесі кім екенін мәлімдеді

0 653

Сауда және интеграция министрлігі «Алтын Орда» базарының аумағы «KURYLYS LTD» ЖШС мен Atyn Orda QazTrade Ltd ЖШС тиесілі екенін хабарлады, деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы сауда алаңы 218 151 шаршы метрді құрайды. Тауар айналымының көлемі айына орта есеппен 147 млн теңгеге, жүк айналымы күніне 500 КамАЗ-ға дейін жетеді.

Күніне базарға 8-15 мың сатып алушы келеді.

«Алтын Орда» базарында 5050 сауда орны бар. Оларды 45 440 адам жалға алады. Жалдау құны орта есеппен 42,5 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ аумағында «Алтын Орда» қонақ үйі орналасқан.

Сауда министрлігі базар ішкі сауда ережелерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін, сауданың көлеңкелі айналымы бар екенін мәлімдеді.

Ведомство базар жұмысын тоқтату жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін деп отыр.

«Мысалы, базардағы сауда және жұмыс орындарының санын қысқарту ол жердегілердің наразылығын туғызады. Сондай-ақ тауар ағыны Қырғызстанның Дордой базарына көшіп, сауда орындарында апатты жағдайлардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Жақын маңдағы базарлар үлкен тауар ағынына төтеп бере алмайды. Алматы облысында 84 базар, Алматыда 45 базар жұмыс істейді. Оларда артық орын жоқ, толып тұр», – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы мен Алматы әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, екі ай уақытта «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырған. Президент ол жердің пайдакүнемдер үшін нағыз «майшелпекке» айналғанын айтқан болатын.

Азаматтарға арналған үкіметтің деректеріне сәйкес, KURYLYS LTD ЖШС құрылтайшысы және басшысы ретінде елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев көрсетілген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.