Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарыкемерге баратын жолға асфальт төселуде

0 1  500

Байзақ ауданынан Тараз қаласына қатынап жұмыс істейтін тұрғындар жол мәселесін үнемі жыр қылып айтатын. Қырық жамау жол көлік жүргізушілерінің де жүйкесіне әбден тиіп болған еді.

Биыл соның орайы келіп, Мәмбет батыр көшесінің айналымынан Тараз қаласы шекарасына дейін (Бурыл ауылы бағыты) және Жамбыл даңғылынан шаһар шекарасына дейін (Апатаев көшесімен Сарыкемер бағыты) орташа жол жөндеу жұмыстары басталды.
Күні кеше Бурыл ауылы бағытындағы жолға асфальт төсеу жұмыстары аяқталса, бүгін Сарыкемер бағытындағы жолға асфальт жабындысы төселе бастады. Ұзындығы үш жарым шақырымды құрайтын жолдың құрылысын «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Техникалық қадағалаушы-сы – «СК РИЗАЛИТ» ЖШС-і.
Байзақ ауданы шекарасынан басталған асфальт төсеу жұмыстарында онға жуық техника мен жиырмадан аса жұмысшы қарқынды еңбек етуде.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.