Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарбаздар өліміне несие себеп пе? – вице-министр жауап берді

0 374

Қорғаныс вице-министрі сарбаздардың өз-өзіне қол жұмсауына несие себеп деп санайды. Оның айтуынша, қарыздан бөлек, түрлі әлеуметтік проблема, отбасындағы жанжалдар да сарбазды күйзеліске түсіріп жүр деп хабарлайды turkystan.kz 

«Әскерде ақша жинайды, әлімжеттік белең алған деу қисынсыз», – дейді вице-министр Дархан Ахмедиев. Айтуынша, әскердегі суицидке негізінен түрлі әлеуметтік жағдай себеп. Тіпті, кей сарбаздардың миллиондаған несиесі бар екен.

«Бізге 18 жастағы жігіттер борышын өтеуге келеді. Солардың ішінде, өкінішке қарай, мойнында 9 миллион теңге тұрмыстық және басқа да неиесі бар сарбаздар болды. Бұл –бір себебі. Яғни, бұдан да бөлек әлеуметтік проблемалар бар. Соның бәрі суицидтің триггері болып жатыр», – дейді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Қорғаныс министрлігі өкілдерінің мәліметінше, елімізде соңғы бес айдың ішінде 4 мыңнан астам суицид фактісі тіркелген. Оның төртеуі Қарулы Күштер сапында.

Кейінгі кезде әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың өзіне қол жұмсау деректерінің көбейгенін қалың бұқараның көзі көріп, құлағы естіп отыр. Мұндай суыт хабар жиілегелі ата-аналардың да баласын әскерге жібергісі жоқ. Армиясын ретке келтіру керекгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын. Мемлекет басшысының пәрменінен кейін бұл жағдайды май шаммен қарау үшін арнайы комиссия да құрылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.