Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сара Алпысқызы рухани басшы: Мұғалімдер өзін-өзі тану пәніне тиіспеуді сұрады

0 625

Мұғалімдер өзін-өзі тану пәнін орнында қалдыруды сұрап отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған Ұлттық академия «Өзін-өзі тану» пәнін элективті пәндер санатына көшіру жобасын ұсынып үлгерді. Оны шәкірттер ең көп дегенде бір оқу жылы оқиды. Қазір сабақ 1-11 сыныптар аралығында оқытылады.

2021 жылы адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты ашылып, бұл жұмысты жалғастыруы керек еді.

«Институт ұжымы мен профессорлық-оқытушылар құрамы еліміздің әрбір оқытушысы өзінің кәсіби миссиясын – шәкірттерін білім жолына жетелеу, терең мәні мен өшпес маңызын аша түсуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасады және жасай береді. Жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша Сара Алпысқызы тек елімізде ғана емес, бүкіл әлемде гуманистік құндылықтарды, ізгілік пен әділеттілік мұраттарын бекітуге орасан зор үлес қосып келе жатқан рухани көшбасшы және қоғам қайраткері ретінде әлемдік деңгейде орынды мойындалды» делінген институттың сайтында.

Ақпан айының басында мұғалімдер Сара Назарбаеваға арналған «Махаббат үшін өмір» тақырыбында сабақ өткізуге тура келетінін айтып шағымданған. Балаларға бірінші президенттің әйелі адамның қызметі мен тағдыры туралы не айтатынын жеткізу керек еді.

Ал, білім және ғылым министрлігі тәрбие жұмысы жоспарында мұндай тақырыптың жоқтығын хабарлады. Екі аптадан кейін «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды бір жылға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады.

Ratel.kz сайты хабарлағандай, кейбір мұғалімдер мұнымен келіспейді. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жариялап, мемлекеттік білім стандартында «Өзін-өзі тану» пәнін қалдыруды сұрайды.

«Егер «Өзін-өзі тану» пәні мектеп бағдарламасынан алынып тасталса немесе факультатив санатына ауыстырылса, бүкіл білім беру жүйесі тек мектепте ғана емес, қоғамда да зардап шегеді. Қаңтардағы қандай да бір террористер, тонаушылар және қалаларымыздың алаңдары мен көшелерінде дүрліктірген арандатушылардың шыққаны алаңдатады. Осындай рухани тәрбиесіз агрессивті, қатыгез, жеккөрінішті ұрпақ шығатыны бәрімізге ащы сабақ. «Өзін-өзі тану» пәні еліміздің қауіпсіздігінің, бірлігі мен тұтастығының кепілі!» делінген үндеу мәтінінде.

Ұстаздардың айтуынша, бұл сабақ өзін және әлемді танитын тұлға тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Өзін-өзі тану – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның ұсынысымен енгізілген пән. Сара Алпысқызы ұзақ жылдар бойы «Бөбек» қайырымдылық қорын басқарып келеді. Соның негізінде осы «Өзін-өзі тану» бағдарламасы әзірленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.