Қалалық қоғамдық-саяси газет

Санаторий-курорттық емделу жолдары

0 312

Санаторий-курорттық емделуге жолдама сұраған зейнеткерлер көптеп келеді. Осыған байланысты шипажайға жолдама беру жолдарына нақтырақ тоқталғым келеді. Санаторий-курорттық емделуге жолдама мүгедектігі бар адамды реабилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес беріледі. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» №39 Заңына сәйкес, санаторий-курорттық емдеумен тек мүгедектігі бар адамдар реабилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (АОЖБ) аясында қамтылады.
Ұзақ уақыт емделіп жүрген азаматқа өзінің тіркелген емханасы мүгедектікке құжаттар дайындап, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді. Сараптама қорытындысымен қажетті көмек түрлері көрсетілген реабилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (АОЖБ) әзірленеді.
Сонымен қатар Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 66-8 шешіміне сәйкес, санаторий-курорттық емделу тиісті куәлік ұсынған жағдайда шипажайлық-курорттық емдеу шаралары өтінішіне байланысты, тиісті куәлікті ұсынғаннан кейін «Еңбек ардагеріне» жататын (Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегерлері, «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атақтарына ие болған адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған) ардагерлерге көрсетіледі.
Қазіргі кезде қалалық мәслихат шешіміне өзгерістер енгізілген. Жасы бойынша зейнеткерлерге шипажайлық-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу үшін жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөрістің бір еселенген мөлшерінен аспайтын, жол шығыны төлемінсіз, өтініш берушінің нақты шығындарынан кем емес жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет әлеуметтік көмек екінші деңгейлі банктер шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Зейнеткерлерге санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындары шипажайдан демалып келген соң, тиісті құжаттарды ұсынғанда (счет-фактура, акт,чек), бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Өтемақыны төлеу барысында отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынады. Өтемақы ең төменгі күнкөрістің бір еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, нақты шығындарынан кем емес жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
2023 жылы І тоқсанда күнкөріс деңгейі 43 343 теңге, АЕК 3 450 теңге болып бекітілді.
Мысалы: отбасында 5 адам, отбасына кіретін табыс – 200 000 теңге. Жан басына шаққандағы орташа табыс 40 000 теңгені құрап отыр. Отбасындағы зейнеткер өз қаражатына шипажайда ем алған шығыны 145 000 теңгені құрады. Зейнеткерге 69 000 теңге өтемақы төленеді. Қалған шығын зейнеткердің өз қалтасынан өтеледі.
Еңбек ардагерлеріне жолдама беру үшін мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізіледі. Жеңімпаз деп танылған шипажайға емделуге жолдама бөлім тарапынан беріледі.
Бүгінгі таңда «Еңбек ардагерлеріне жолдама беру» үшін мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізілуде. Жеңімпаз анықталған жағдайда шипажайға емделуге жолдама бөлім тарапынан беріледі.
Қағидаға сәйкес, 2023 жылға өтініші бойынша жергілікті бюджеттен ҰОС теңестірілген 180 адамға және 100 «Еңбек ардагерлеріне» және 435 зейнеткерге жол шығыны төлемінсіз, шипажайлық-курорттық жолдамалар қарастырылған. Аталған мақсатқа 64 040,0 теңге қарастырылған.
Бүгінге күнге жолдама алу үшін «Еңбек ардагерлері» – 87, ҰОС теңестірілгендер 117 адам құжат тапсырды.
Бұдан өзге, зейнеткерлерге денсаулық сақтау саласынан да жолдамалар берілетінін назарларыңызға жеткіземін.

Гаухар Олжабаева,
Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.