Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуда

0 288

Тараз қаласы өндірістік аймақта орналасқан бос және тиісті мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін зерделеу жұмыстары Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Н.Нұралиевтің, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі және Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандарымен бірігіп, өндірістік аймақта орналасқан бос және тиісті мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтап және жер пайдаланушыларға қатысты толық мәлімет алу үшін жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдан 11 мамырында 18 жер учаскесі бойынша (жалпы көлемі 34,2018 га, кадастрлық құны 204 393 360 теңге құрайды) тізбесін қалыптастырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданылды.
Зерделеу жұмыстары барысында бос және тиісті мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан 19 жер учаскесі анықталды. Оның ішінде 1 жер учаскесінің пайдалану уақыты 3 жылға толмағандығы белгілі болды.
Қазіргі таңда Жамбыл даңғылы, Асқаров, Тынышбаев, Мәмбет батыр көшелеріне мониторинг жүргізіліп, 13-ке жуық жер учаскелері анықталды. Оның ішінде мемлекет меншігінде 4 жер телімі, жеке меншік иелігінде 9 жер телімі анықталып отыр.

Айдын Алтай,
Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік,
өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.