Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Самат Әбіш ҰҚК-дағы қызметінен босатылды

0 312

  Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, — деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін ҰҚК Самат Әбіш төрағаның бірінші орынбасары қызметінде қалатынын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, Самат Әбіш 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысында екені айтылды.

Еске салайық, 5 қаңтарда Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.