Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекованы ресми тіркеп, куәлік тапсырды деп хабарлады turkystan.kz.
«Орталық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы кандидат ретінде тіркейді», – деді орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
ОСК төрағасы айтқандай, құжаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабы 5-тармағына сәйкес заңда белгіленген мерзімде қабылданды.