Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сағынтаев өзінің «отставкасы» туралы қауесетке жауап берді

0 511

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Байтасов LIVE» жобасының авторы Арманжан Байтасовқа сұхбат берді, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір жарым сағаттық сұхбат барысында қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздік туралы әңгімелеген шаһар басшысы әлеуметтік желіде өзінің отставкаға кетуін талап еткен петиция туралы айтты.

«Мен сын болатынын түсіндім. Бірақ маған сол кезде әр сағат сайын  қандай да бір түсініктеме беру үшін емес, басқа мәселелерді шешу керек болды. Әрине, бәрі аяқталған кезде жұмысыма сын айтушылар көбейді. Мен де адаммын, әрі қарай жұмыс істеуім керек. Сондықтан өз жұмысымды жалғастырып жатырмын. Өйткені қаланы тез қалпына келтіріп, залалды өтеу керек. Қалай болғанда да, әр сын пайдалы. Мен өз борышымды орындадым, өз жауапкершілігімді түсінемін. Ендігі міндетім – қаланың қалыпты тіршілігін қалпына келтіру», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.