Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сақтықта қорлық жоқ

0 298

Күнделікті Сарысу ауданында түсіндіру, алдын алу, сақтық пен тазалық жалпы қауіпсіздік шаралары өз деңгейінде жүргізілуде.

Осы түсіндіру тобына ауданымызда жасақталған еріктілер де қосылып, сақтықты күшейте түсуде.
Осындай мақсатта бүгінде еріктілер құрамы қала мен ауылдарды аралап шықты.
Аралау сәтінде көп жиналатын әлеуметтік ныандар мен базар, сауда дүкендерінде де болды.

Таралуы тез қауіпті індеттің алдын алу шараларын жиі жасап, өз өмірлеріңізге сергек қарап,мүмкіндігінше адам көп шоғырланатын жерлерге балаларды жібермей, үйден шығармауды ескертті.
Үйде де, сыртта да қауіпсіздік маскаларын пайдаланып, қолды кір сабынмен жиі-жиі жуып, үйдің ауасын жиі ауыстырып отырған жөн екендігі де айтылды.

Хлорланған сумен бөлме едендерін күніне кемінде үш мәрте жуып отыру қажет.
«Сақтанғанды-сақтаймын!», демекші төтенше жағдай кезінде аса сақ болуымыз керектігі баса айтылып, қауіпсіздік ережелері жазылған парақшалар таратылды.

Айтылу мен түсіндіру жұмыстары аз жүргізіліп жатқан жоқ. Тек енді өзіміз мән беріп, сақтықта қорлық жоқтығын, екпе салдыру арқылы ғана өзімізбен бала шағамызды қауіпті індеттен сақтандыра алатынымызды ескеруіміз керек.

Қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанып, өз өмірімізге өзіміз жауапты екендігімізді ұмытпайық!!!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.