Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сәт Тоқпақбаев: Біздің қорғаныс министрінің өзі әскердің нақты қауқарын айта алмайды

0 489

Бұрынғы ҰҚК төрағасы және Қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаев Ресей мен Украина арасындағы соғыста жеңімпаз болмайды деп мәлімдеді. Nege.kz порталына берген пікірінше, бір тарап жеңген күннің өзінде жеңілген тараптан ахуалы жақсы болмайды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі

«Жеңгеннің де, жеңілгеннің де жағдайы бірдей болады. Украина қиыншылыққа тап болды. Күштімін деген Ресей мен Беларусьтің де экономикасы құлдырайды. Кімдікі – дұрыс, кімдікі – бұрыс, оған баға бере алмаймын. Соғыс болған да, екі тарап та менікі дұрыс деп шығады», – дейді Сәт Тоқпақбаев.

Оның пікірінше, Біріккен ұлттар ұйымы, Еуропа кеңесі, дүниежүзі елдері соғысқа қарсылығын білдірген. Сондықтан ұзаққа созылмайды деп үміт бар.

«Ресейге қарсы көп мемлекеттер санкция салып жатыр. Бұдан кейін Ресейдің өзі де ойланатын шығар. Санкциялар елді экономикалық тұрғыдан әлсіретеді. Бұрынғы жиған күші, экономикасы бірте-бірте күйрейді. Халықтың тұрмысына тікелей әсер етеді. Стратегиялық тауарлар қазірдің өзінде қымбаттап шықты. Ақылға салатын болсақ, соғысты тоқтату керек», – дейді ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы.

Десе де, бұрынғы қорғаныс министрі екі елдің әскери қуатына қандай да бір баға беруден бас тартты.

«Қазіргі біздің қорғаныс министрінің өзі әскердің нақты қауқарын айта алмайды. Өйткені, бұл мемлекеттің құпия жүргізілетін іс-шарасы», – деді Сәт Тоқпақбаев.

Сәт Тоқпақбаевтың айтуынша, ең бастысы – адамдардың өмірі. Соғыстан халық қырылып жатыр. Кез келген мәселені үстелдің басында шешуге болады.

«Екі елдің соғысып жатқаны жақсы емес. Ресей – ұлы держава. Украина – өз қандастары. Славяндар бәрі. Беларусь те кірісіп кетті. Бұл ең қиын жағдай. Дүниежүзінде тыныштық орнаған сәтте бұлардың қырқысып жатқаны – ешқандай ақылға сыймайтын дүние», – дейді Сәт Тоқпақбаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.