Қалалық қоғамдық-саяси газет

СҚО тұрғыны өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяққа 15 миллион теңге аударып жіберген

0 94

Солтүстік Қазақстан облысында алаяққа алданған тұрғын 15 миллион теңгесінен айырылды. Жыл басынан бері аймақта 129 алаяқтық дерегі тіркелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ауыл шаруашылығы кәсіпорны басшысы полицияға арызданып, алаяққа алданып қалғанын мәлімдеген. Сөзінше, белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкері екенін айтқан. Ер адамның атына ірі мөлшерде несие рәсімдегелі жатқанын айтып, қаржысын басқа шотқа аудару керегін мәлімдеген.

Бұған сенген тұрғын депозитіндегі 15 миллион теңгесін шешіп, алаяқ көрсеткен есепшотқа аударып жіберген. Полицияға арызданған ол алаяқтың сөзіне және кәсіби терминдерді қолданғанына сеніп қалғанын жеткізген.

Қазір бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

«Интернет-алаяқтықты анықтау қиын, себебі алаяқтар басқа ел немесе аймақтан қоңырау шалады. Полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді СҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Назаров.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.