Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Сүйінші»: Райым мен Ерке Есмахан жақында сәбилі болмақ

0 5  176

Танымал жұлдызды жұп Райым мен Ерке Есмахан қуанышты жаңалықпен бөлісті. Әнші екінші сәбиіне жүкті екенін ресми түрде растады.

Жұлдызды жұп жақында сәбилі болатынын су жаңа бейнеклипі арқылы жеткізді. “Bul mahabbat” деп аталатын бейнебаянда Ерке Есмаханның жүкті екенін көруге болады. Тіпті бейнеклипте Райым «Бәрінен ең әдемі менің жүктім» деп шырқайды.

“Сүйінші! Баршаңызға рахмет, көңілім босап, қуанып отырымын. Өнердегі достар, оқырмандар бейнебаянмен бөлісіп отырсаңыздар алғыстан басқа айтарым жоқ”, – деп жазды Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында.

Бейнеклип желісі бойынша, студияда ән жазып кешіккен Райымды донерге аңсары ауған жүкті әйелі күтіп отырады. Ол түн ортасында донер іздеп әлекке түседі. Амалы қалмаған Райым полиция қызметкерлерінің қолындағы донерді тартып алып, өзін күтіп отырған Еркеге әкеліп береді.

Желі қолданушылары Райым мен Еркені қуанышты жаңалығымен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

“Нағыз махаббат деген осы”, “Күшті жаңалықты бейнебаянмен жеткізіп тұр”, “Алла амандық беріп, жеңіл босанып алсын Ерке қыз”, “Бақытты болыңдар”, “Сендер үшін шын жүректен қуаныштымын”, “Жүктілік жарасып тұр”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.