Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Сәбит Шонтақбаевқа несиесін төлеуге көмектесеміз» – Алтай Көлгінов

0 316

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада 8-қабаттан құлап бара жатқан қызды құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевпен кездесті. Кездесу барысында оның отбасына көмектесетінін жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.

Бейбіт күннің батыры Сәбит Қызылордадан Нұр-Сұлтанға жұмыс іздеп келген. Отбасылы, төрт баласы бар. Осы орайда, оған елорда әкімінің өзі көмектесетінін айтты.

«Сәбитке осындай сәтте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айттым!

Білімі мен тәжірибесін ескере отырып, Локомотив зауытының («Локомотив құрастыру зауыты» АҚ) директорымен Сәбитті жұмысқа орналастыру туралы келістім. Бұрын ол осы сала бойынша ҚТЖ-да жұмыс істеген, мамандығы – вагон шаруашылығы. Бұл салада тәжірибесі бар.

Сәбит зайыбымен бірге төрт бала (үш ұл, бір қыз) өсіріп отыр. Жұбайының жұмысқа тұруына, ал балаларын мектепке және балабақшаға орналастыруға көмектесеміз. Осылайша ресми түрде жұмыс істей отырып, қызметтік тұрғын үйге үміткер бола алады, сондай-ақ өзге де Тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады.

Демеушілер есебінен отбасының несиесін өтеуіне көмектесеміз, ал жазғы уақытта балаларына Бурабайға жолдама береміз. Қала тұрғындарын сақтық шараларын толықтай сақтауға, балаларын қараусыз және үй терезесін ашық қалдырмауға шақырамын», – деп жазды елорда әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.