Қалалық қоғамдық-саяси газет

Рудныйдағы колледж асханасының үш қызметкерінен стафилококк анықталды

0 315

Рудныйдағы колледж асханасының үш қызметкерінен патогенді алтын стафилококк анықталды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев жазды.

Айта кетcек, Қостанай облысында биылғы жылдың 20-21 сәуір аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Рудный тау-кен-технологиялық колледжінің студенттері жаппай тамақтан уланған болатын. Жұқпалы аурулар бөліміне барлығы 14 адам жатқызылды.

Аталмыш факт бойынша департамент пен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қозғалған қылмыстық іс аясында кәсіпкерлік субъектісі жалға алған колледж асханасына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Эпидемиологиялық тексеру барысында науқастарда жүрек айнуы, құсу түріндегі белгілер болған. Олар колледж асханасында тамақтанумен байланысты екені анықталды.

Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша асхананың 3 қызметкерінен патогенді стафилококк анықталды, дайын өнімнің барлық үлгілері микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді.

Ауруханаға жатқызылған студенттердің талдауларында да патогенді алтын стафилококк анықталды.

Қазір барлық студенттер ауруханадан шығарылып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Тексеру барысында санитарлық ережелерді бұзу фактілері анықталды: тамақ өнімдерін сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз пайдалану, сақтау шарттары мен пісіру технологиясын бұзу.

«Мамандар вирус ошағында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады»,- делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.