Украиналық БАҚ ақпарат мәтіндерінде Ресей және оның Президентін кіші әріппен жазып жүр деп хабарлады turkystan.kz.
«Укринформ» ақпарат агенттігінде кейінгі бір аптадан бері Ресейге қатысты жалқы есімдер кіші әріптермен жазылып жүр (суреттен көруге болады). Бұл өзгерістер жайлы әзірге ешқандай мәлімдеме жасалмаған.
Біздің болжамымызша, бұл Украина мен Ресей арасындағы оқиғалардың ықпалынан туындаған кекесін болуы мүмкін.