Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өркендей бер, өскелең ұрпақ!

0 170

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты форум өтті.

Арайлы Жақсылық
Суреттерді түсірген Юрий КИМ

Аталған форумға облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серікбол Берікқожа, қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек қатысты. Жиынды ашқан қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева өскелең ұрпақты тәрбиелеуде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарар рөлін атап өтті.
– 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылды Жастар жылы деп жариялаған тұста жас ұрпақтың алдында зор міндеттер тұрғанын, оны жүзеге асыру үшін сарқылмас қуат, мол жігер қажет екенін жете түсіндік. Бұл ретте шаһарымыздағы жасұландықтардың жастайынан қоғам өміріне белсене араласып, қатарластарын патриоттық тәлімге шақырып жатқаны бізді ерекше қуантады. «Жас Ұлан» – өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. Қоғамдық ұйым жұмыс істеп келе жатқан 8 жыл ішінде айтарлықтай жетістікке жетті. Бүгінгі қалалық форум – осының айқын дәлелі, – деді Мүбарак Қасымқызы.
Форумға сондай-ақ Тараз қаласынан Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы, үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернаты, «Дарын» мектеп-интернаты, Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының тәлімгерлері мен үйлестірушілері және қаладан келген жасұландықтар да қатысты. Жастар форумына жиналған көпшілік қала бойынша жасұландықтардың көңілді флешмобын тамашалады. Шарада аталған ұйым қатарына салтанатты түрде белсенді оқушылар қабылданып, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек арнайы дипломдармен марапаттады. Сондай-ақ ұйым қатарына қосылған 60 балаға «Жас қыран» төсбелгісі мен галстук тағылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.