Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ревакцинация салдарынан адамдар омикрон штамын жұқтырады»: Желідегі ақпарат қызу талқыға түсті

0 219

Кейбір әлеуметтік желі пайдаланушылары Covid-19-ға қарсы ревакцинациядан өтпеуге шақырып, оның керісінше омикрон штамын жұқтыратынын алға тартты. Алайда бұл мәлімет ғылыми деректер алдында негізсіз, жалған ақпарат екені белгілі болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың зерттеуі бойынша Covid-19-ға қарсы ревакцинация омикрон және өзге де вирустық инфекциялардан қорғап, жұқтыру ықтималдығын төмендетеді.

АҚШ бақылау және алдын алу орталығының дерегі бойынша Biontech және Moderna вакциналарының үдеткіш дозалары аурудың салдарынан ауруханаға жатқызуға қарсы 90% және аурудың ауыр түрінің дамуына жол бермеу үшін 82% тиімді.

СDC мәліметінше 50 жастан асқан вакцина алмаған адамдар үшін covid-19 жұқтыру ықтималдығы вакциналанған және ревакциналанған адамдарға қарағанда 45 есе жоғары.

Pfizer және BioNTech компаниялары 2021 жылдың желтоқсанында жүргізген зертханалық зерттеулері бойынша омикрон нұсқасының ауыр инфекцияға және ауруханаға жатқызу мен өлім ықтималдығына қарсы үдеткіш дозасының тиімділігі жоғары екенін көрсетті.

Ревакцинацияланған адамдардың керісінше омикрон штамымен ауратынына еш дәлел жоқ болғандықтан, желідегі бұндай жалған ақпараттар еш негізсіз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.