Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ревакцинация 22 қарашада басталады – Цой

0 270

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтарға қайта екпе салу 22 қарашада басталатынын айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ревакцинация 22 қарашадан бастап екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін биыл жыл соңына дейін алғашқы екпе алған мерзімін ескере отырып, медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері қайта екпе алатындардың қатарына жатады», – деді Цой Үкімет отырысында.

Ол 60 жастан асқан адамдардың, сондай-ақ өз бетінше тест тапсырған және коронавирусқа антиденелері теріс тест нәтижесін көрсеткендердің белгіленген мерзімдерін есепке алмай, ревакцинацияға жіберілетінін нақтылады.

Премьер-министр Асқар Мамин вакцина салу пункттерінің, медициналық ұйымдардың және медицина қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, Цой Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізу туралы айтты.

«Балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияға қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында 4 миллион 230 доза вакцина сатып алынды, бұл 2 миллион 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Вакцинациялауға 12-ден 17 жасқа дейінгі балалар, жүктіліктің 16-37 аптасы мерзіміндегі жүкті әйелдер және босанғаннан кейін 42 күннен кейін бала емізетін әйелдер жатады. Comirnaty Pfizer вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанның 16 өңіріне жеткізілген 34 бірлік тоңазытқыш сатып алынды. Сонымен қатар, қосымша 51 тоңазытқыш сатып алынды, қарашаның соңына дейін өңірлерге жеткізу жоспарланып отыр», – деді Алексей Цой.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.