Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресейліктердің 75 пайызы соғысты қолдайды

0 264

Бүгін, Ресейдің Украина елінде басқыншылық соғыс жүргізіп жатқанына 6 күн толған кезде солтүстіктегі көрші мемлекеттің 75 пайызының осы агрессияны қолдайтыны анықталды деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Портал тілшілеріне сұхбатында  ресейлік саясаттанушы Андрей Суздальцев халық соғысты қаламаса да таңғаларлық жағдайды көріп отырғанын, Ресей тұрғындарының 75 пайызы Путиннің Украина жеріндегі «арнайы операциясына» қолдау білдіретіні анықталғанын айтты.

­­- Бұл орыстардың Ресей империясы мен Кеңес Одағы кезінде өздерін Еуразия кеңістігінің қожайыны, басқа халықтардың гегемоны, лидері санап үйреніп қалғанын көрсетеді. Олар КСРО тарап, он бес мемлекетке бөлініп кеткеннен кейін өздеріне бөтен бола бастаған халықтарды кешірмеді. Осыған дәлел ретінде соғыс басталардың алдында өздерін өздері жариялаған «ДХР» мен «ЛХР»-ды ресейліктердің 73 пайызы қолдайтындарын білдіргенін айтуға болады, – деді ол.

Бұрынғы одақтас республикаларда да соғысты қолдайтындар көп. Мысалы, Қазақстанда Ресейдің басқыншылық соғысын қолдап отырғандардың арасында қазақтардың да бар екенін жасыра алмаймыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.