Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресейде екінші «Жириновский» шықты

0 155

Ресей Мемлекеттік Думасында атышулы Владимир Жириновскийдің ізбасары пайда болған сияқты. Заң шығарушы органның депутаты Михаил Шеремет бұрынғы Ресей империясы кезіндегідей украин жерінде Таврия губерниясын қайта қалпына келтіруге ұсыныс жасады деп хабарлады turkystan.kz kommersant.ru порталына сілтеме жасап.

«Империя кезінде Таврия губерниясының орталығы Симферополь қаласында орналасқан. Бұл аймаққа Қырым түбегінен басқа, қазіргі Херсон және Запорожье облыстары кірген. Оның айтуынша, қазір сол жерде губернияны қайта құруға болады» делінген порталда.

Материалда бір кездергі князь Григорий Потемкиннің тәжірибесін пайдаланып, Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарын уақытша басып алынған Қырыммен бір шеңберде қарастыру керектігі туралы әңгіме айтылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.