Якутск тұрғыны сегізінші қабаттан құлап, өзі жедел жәрдем шақырған, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Желі қолданушылары 4 ақпанда Якутск тұрғыны сегізінші қабаттан құлап түскенін, алайда, ол аман қалып, өзі жедел жәрдем шақырғанын жазған болатын. Артынша желіде әйел адамның құлаған сәтінің видеосы пайда болды.
«Якутск қаласы бойынша тергеу басқармасы 1991 жылы туған әйел адамның сегізінші қабаттан құлауы дерегі бойынша процессуалдық тексерісті бастады. Бүгінде әйел адам жансақтау бөлімінде жатыр. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес шешім қабылданатын болады», – деді Ресей тергеу комитетінің тергеу басқармасы басшысының Саха (Якутия) Республикасындағы аға көмекшісі Надежда Дворецкая.