Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресей соғысқа запастағы әскерилерді жібереді – БАҚ

0 712

Ресей Президенті Владимир Путин Украинамен соғысқа запастағы әскери қызметкерлерді де жіберуді ойластырып жатыр деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 20 сәуірге дейін мобилизациялық бөлімшелердің бастықтары запастағы әскери қызметкерлерді тексеріп, олардың мобилизациялық бөлімдерге келулерін қадағалауы керек.

Қазір қолда бар деректерге қарағанда, Ресейдің әскерлері өзінің батальон-тактикалық топтарының кем дегенде 95 пайызын пайдаланып үлгерген. Бұдан Украинада РФ-тың барлық әскері соғысып жатқанын көруге болады.

Украина қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Даниловтың айтуынша, жаудың қарулы күштері Полеск, Север, Слобожан, Таврия бағыттары мен Біріккен күштер операциясы аймағында қатты шығынға ұшырап жатыр. Олардың 10 мыңға жуық офицері мен солдаттары жер жастанған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.