НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей армиясының күштерін қайта топтастырып, Украинаға жаңа шабуыл ұйымдастыруға дайындалып жатқанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.
«Біз Ресейдің Киевтің төңірегі мен солтүстік Украинадағы соғыс операцияларын азайтатыны жөніндегі мәлімдемесіне сенбейміз. Ресей бұған дейін де алдарқатып, соңынан сөзі өтірік болып шыққан. Сол себепті біз оның сөзіне емес, бұдан кейін әрекеттеріне ғана сенеміз», – деді Солтүстік альянстың басшысы.