Қалалық қоғамдық-саяси газет

Рахит пен пневмонияға шалдыққан: Екібастұзда пәтерде аш табылдып, ауруханаға жатқызылған бүлдіршіндердің жағдайы белгілі болды

0 207

Екібастұздағы ауруханада жатқан балалардың жағдайы белгілі болды. Бүлдіршіндер барлық қажетті азық-түлік, киім, ойыншықтармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Павлодарлықтар мен облыс тұрғындары әрқашан өздерінің мәселеге бей-жай қарамауымен өзгешеленетін, Бірнеше күн бұрын наразылық тудырған Екібастұздғы отбасы бойынша балалардың қал-жағдайы туралы сұрақтар келіп түсуде. Біздің директ пен ватсап балаларға көмек көрсету туралы ұсыныстардан жарылып жатыр», – деді «VITA» павлодарлық еріктілері

Еріктілердің хабарлауынша, павлодарлықтардың көбі тамақ пен заттан не сатып алу керектігін сұрап жатыр.

«Балаларда пневмония және рахит (балаларда болатын сүйек ауруы – авт.) анықталған. Қазіргі уақытта оларда бәрі бар. Оларға қажет нәрсенің бәрін аттарын атамауды сұраған жақсы адамдар сатып алды, бәріне рахмет!» – деп жазды павлодарлық еріктілер.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева Sputnik Қазақстанға дәрігерлер ауруханаға жатқызылған балаларда коронавирус пен пневмонияны анықтағанын айтты.

Науқас балалар толық тексеруден өтеді, оның нәтижелері кейінірек жарияланады.

Еске салсақ, Павлодар облысы Екібастұз қаласында еріктілер пәтерлердің бірінен ашыққан, пневмонияға шалдыққан, тіпті өз бетінше қозғала алмайтын төрт кішкентай баланы табылды. Олар шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.