Тұрар Рысқұлов ауданында жазғы дәндi дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл аудан диқандары астық өсiруде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру – ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі. Биыл ауданда жалпы 136 671 гектарға дақыл себілген. Оның ішінде бидай 57 015 гектар болса, 51 670 гектары – арпа. Сондай-ақ аудан бойынша 108 685 гектар алқап орылды. Әр гектардан алынған орташа өнім 18,3 центнерді құрайды.