Қалалық қоғамдық-саяси газет

QULAN коллекциялық монеталары сатылымға шықты

0 210

Ұлттық банк 27 шілдеден бастап «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан QULAN коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Монеталар Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады. Мельхиор мен нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың аверсі мен реверсіндегі бейнелер бірдей.

Монета аверсінің оң бөлігінде аңдар мен өсімдіктерден коллаж, жиегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, сол жағында ҚҰБ-тың тауар белгісі (логотипі) бейнеленген және соғылған жылын білдіретін «2021» деген жазу бар. Рrооf-like дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан дайындалған монетада «200 TEŃGE» номиналы, brilliant uncirculated дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан дайындалған монетада «100 TEŃGE» жазуы басылған.

QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI және NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазулар монета жиегінде айналдыра берілген.

Монета реверсінде дала ландшафты аясында құландардың бейнесі бейнеленген, монетаның жоғарғы бөлігінде EQUUS HEMIONUS (түрінің латынша аты), төменгі бөлігінде QULAN жазуы бар.

QULAN коллекциялық монеталары сатылымға шықты

Монеталар: – МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған номиналы 200 теңгелік монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, алтын жалатылған, сапасы – рrооf-like, таралымы – 10 000 дана; – МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, таралымы – 10 000 дана; – МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы – uncirculated, таралымы – 100 000 (бір жүз мың) дана.

QULAN коллекциялық монеталары сатылымға шықты

Құлан – жылқы тұқымдас, сирек кездесетін жануар. Латынша атауы – EQUUS HEMIONUS. Оған алғаш рет 1775 жылы сипаттама берілген. Қазақстанда құлан Үстірт пен Маңғышылақта кездескенімен, өткен ғасырдың 30-жылдары жоғалып кеткен. 1953 жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына түркімен құландары әкелінді. 1982 жылдан бастап Алтынемел, Бетпақдала ұлттық саябақтарында және солтүстік Ақтауда оларды жерсіндіру жұмыстары басталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.