Қалалық қоғамдық-саяси газет

QazVac құрамындағы Ухань штамы дельта штамына ауыстырылады

0 327

Отандық ғалымдар QazVac вакцинасының құрамындағы Ухань штамын Дельта штамына ауыстырмақ. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді.

 Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді. Айтуынша, қазір тиісті зерттеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесі оң болып, Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берген жағдайда QazVac-тың келесі партиясы жаңа құраммен дайындалады. Қазвак вакцинасының авторы Күнсұлу Закарья отандық ғалымдар зерттеу барысында зор тәуекелге барып отырғанын айтады. Дегенмен, нәтиже бар. Ел ғалымдары дельта штамы келгелі оның құрамын жіті зерттей бастаған. Ең әуелі Қазвактың штамдық құрамын өзгерту арқылы клиникаға дейін жануарларға зерттеу жүргізілді. Нәтижесі оң. Министрлік рұқсат берсе, «Қазвактың» келесі партиясы жаңа құраммен дайындалады.

Отандық вакцина авторы «ҚазВак-тың үшінші кезеңі бойынша клиникалық зерттеу жұмысының аяқталғанын айтты. Қазір вакцина «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау» ұлттық орталығының сараптауынан өтіп жатыр. Әзірге оның нәтижесі дайын емес. Қорытынды есеп нәтижесі оң болса, отандық вакцина туралы ғылыми мақалалар әлемнің жетекші басылымдарында жарық көрмек. Қазақстандық вакцинаны жасауға 3 мың адам қатысқан.

nege.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.