Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Пышақ ала жүгірді»: Өскеменде Маугли секілді өмір сүрген қыздар құтқарылды

0 423

   Өскеменде ішімдікке салынған отбасының екі қызын құзырлы органдар тартып алды деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Инспекторлар жоқшылық пен жанжалды көріп өскен жанұяның 3 жастағы кішкентай қызы әлі күнге дейін сөйлеу білмейтінін, тіпті өз бетімен тамақтануды үйренбегенін айтты. Маугли секілді өмір кешкен бүлдіршіндер сонда да отбасын сағынып жүрген көрінеді.

Учаскелік кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Расул Абаевтың айтуынша, отбасы саяжай кооперативінің шетіндегі шағын үйде тұрады. Ұлы 13 жасынан бастап ата-анасымен бірге ішімдік ішкен. Бірнеше рет түрмеде де болған.

Қыздардың ағасы ішімдік ішпеген кезде оларға қамқорлық танытса, мас кезінде қарындастарына қысым көрсетіп, сабаған. Ол мас болған кезінде 3 және 7 жастағы әпкелі-сіңілілерді біреуін соққыға жыққан. Осы оқиғадан соң құзырлы орган қызметкерлері қыздарды үйлерінен алып кеткен.

«Үйлеріне кірсем, шашылып жатыр, өте лас. Қыздарды көрпенің астынан тауып алдым. Екеуі де жарақат алған. Кейін оларды алып бара жатқанымда ағасы пышақпен артымыздан жүгірді», –  деді аға лейтенант Расул Абаев.

Инспектордың айтуынша, қыздардың үлкені өздерінің құтқарылғанын түсінбейді. Олар сондай өмірге үйреніп қалған. Отбасын сағынып, қайта оралғысы келеді. Жігіт кейін болған іске өкінетінін жеткізген.

«Иә, қарындастарыммен араласқым келеді. Менің ата-анаммен байланысым жақсы. Өз істегендеріме өкінемін. Мен қазір дәнекерлеуші болып жұмыс істеп жүрмін», – деді жас жігіт.

Апалы-сіңлілердің өмір сүрген отбасындағы жағдайы жан түршігерлік. Себебі жуылмаған еден мен үйілген ыдыс-аяқтар, майлы жаймалар мен бос тоңазытқыш және жағымсыз өткір иіс қолқаны қабады.

3 жастағы әлі сөйлей алмайтын қыз бен тамақты дұрыс іше алмайтын әпкесін көрген инспекторлар олардың осы күнге дейін Маугли секілді тіршілік еткенін айтты.

Енді осы айдың соңына дейін ата-ана құқығынан айыру бойынша сот процесі өтіп, қыздардың тағдыры шешілетін болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.