Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Путинді Кремльден аластамақ болған» саха бақсысы Габышев психиатриялық ауруханадан шықты

0 351

«Путинді Кремльден аластамақ болған» саха бақсысы Александр Габышевті Новосибирскідегі психиатриялық ауруханадан Уссурийск ауруханасына ауыстырған деп хабарлады turkystan.kz. Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Бұл туралы бақсының адвокаты Алексей Прянишников айтты.

25 ақпанда Новосибирск аудандық соты Александр Габышевті психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеу, одан кейін Ресейдің өзге өңіріне жіберу жөнінде шешім шығарған.

«Саха бақсысы Александр Габышев 2019 жылы наурыз айында «Путинді Кремльден аластау үшін» Мәскеуге жаяу шыққан еді. Ол «Ресей президенті қара күштен жаралған және онымен тек бақсы ғана күресе алады» деп айтқан болатын. Осыдан кейін ол Кремльдің қуғынына ұшырап, бірнеше рет қамалып, психиатриялық ауруханаға жатқызылған», – деді ол.

Оның айтуынша, Ресей белсенділері Габышевтің қудалануын айыптап, оның үстінен қылмыстық іс қозғауды сұраған. Бақсының «ақыл-есі дұрыс емес» деп тұжырым жасаған медициналық сараптама қорытындысымен де келіспеген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.