Қалалық қоғамдық-саяси газет

Путин Ресейдің Қазақстанға инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеді

0 202

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту ниетін растап, ірі жобалар дайындалып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Kznews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Ресей Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі саналады. Соңғы бір жылда тауар айналымы 34%-тен астам өсіп, 26 миллиард долларға жетті – қарқын жаман емес», — деді Путин Кремльде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде.

Путиннің пікірінше, Ресей мен Қазақстанның бірлесіп атқаратын жұмысы көп.

«Біздің ғарыш, энергетика және машина жасау салаларында ірі жобаларымыз бар. Ресей инвестициясының жалпы көлемі 18 миллиард доллардан асты. Сондықтан жұмысты жалғастырамыз», — деді Путин.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміз бен Ресей «Құдай қосқан көрші» екенін айтты. Мемлекет екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуды жалғастырады, деді Тоқаев Ресей басшысымен келіссөз жүргізу кезінде.

Тоқаев сондай-ақ стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық қатынастарға бағытталған маңызды келісімдерге қол қойылғанын хабарлады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.