Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент сайлауына дайындық барысы қалай?

0 222

Облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Тараз қалалық аумақтық, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде көшпелі семинар-тренинг өтті.

Шараны облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, кезектен тыс Президент сайлауына дайындық және оны өткізу ерекшеліктері туралы кеңінен тоқталды.
Басқосу барысында облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары С.Мәдиева сайлау процесін ақпараттандыру және сайлау-алды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы А.Боранбаев сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пункттерін ҚР ОСК бекіткен ережеге сәйкес жарақтандыру және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және азаматтарға тиісті сайлау комиссиялары орналасқан үй-жайларда сайлаушылар тізімімен таныстыру жұмыстарындағы ерекшеліктер, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері С.Қойшыбаев мүгедектігі бар азаматтар дауыс беруге арналған үй-жайларының, дауыс беру пункттерінің қолжетімділігін ҚР ОСК бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жарақтандыру және дауыс беру учаскесіне келу мүмкіндігі жоқ осы топтағы азаматтарға дауыс беруді ұйымдастыру, Ж.Бекбергенова сайлаудың өтуін байқауды жүзеге асыратын байқаушылармен жұмысты ұйымдастыру, Т.Жамалов сайлау күні сайлау учаскесінде ұйымдастырылатын жұмыстар, прокуратура қызметкері Ж.Берлібай сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру туралы баяндама жасады.
Тараз қалалық сайлау комиссиясының төрағасы А.Асқарбеков қатысушылар арасында дауыс беру күні орын алатын жағдайлар бойынша іскерлік ойын өткізді.
Семинар-тренингтің соңында облыстық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Облыстық сайлау комиссиясы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.