Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент сайлауына қатысатын екінші әйел үміткер белгілі болды

0 235

Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Экспресс К

Лингвистикалық комиссияның қорытындысында Салтанат Тұрсынбекова мемлекеттік тілді еркін білетіні анықталды. Сонымен қатар Қазақстанның 18 өңірінен 119 316 азаматтың қолы жиналды.

 

Қол жинау бойынша қажетті сан қамтамасыз етілді. Салтанат Тұрсынбекованы президенттікке кандидат ретінде тіркеуге керек барлық құжат Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды, —деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

 

Салтанат Тұрысбекованы «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.

Бұған дейін Президент сайлауына қатысатын алғашқы әйел белгілі болған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.