АСТАНА. ҚазАқпарат – Белгілі қазақстандық журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов Президент сайлауының не себепті күзге белгіленгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сонымен қатар, сұхбат барысында Парламент Мәжілісінің спикері Президентті 7 жыл мерзімге бір рет сайлау туралы өзгеріске қатысты да пікір білдірді.
«Президент 7 жылдық мерзімге бір мәрте ғана сайланады деген – ол Конституцияның 91-бабына енді. Бұл өзгермейді. Біздің Тәуелсіздігіміз және біздің республикамыздың біртұтастығымен қатар осы норма да енді оған. Ол болашақта өзгермейді», – деп түйіндеді ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері.