Қалалық қоғамдық-саяси газет

Премьер-министр Үкімет отырысында кей әкімдерді сынға алды

0 154

Кей облыстарда ревакцинациалау науқаны дұрыс жүрмей жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Bugin.kz сайтын сілтеме жасап хабарлайды.

Премьердің айтуынша, тәулігіне вирустың ең көп таралу жағдайы елордада, Алматы қаласында , Қарағанды және Атырау облыстарында тіркеліп отыр.

«Біз  мұндай жағдайдың боларын болжадық, ең бастысы, барлық өңірде эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстау қажет. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия  өңірлерде қосымша шектеу шараларын қабылдады, олар нақты орындалуы тиіс», – деді ол. 

Оның айтуынша, бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты негізгі алдын алу шараларын  бұлжытпай сақтау керек.

«Санитарлық талаптарға  неғұрлым салғырт қараудың соңы аурудың соғырлым өсуіне әкеп соғатынын адамдар түсінулері қажет. Сондықтан мониторингтік топтардың жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Вирустың таралуын азайту үшін  науқастарды дер кезінде оқшаулап, адамдардың көп жиналуына жол берілмеуі тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер  ауруханаларда  қосымша орындар дайындасын. ПТР-тестілеу деңгейі төмен өңірлерде олардың санын ұлғайту қажет. Әсіресе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында  тестілеу аз жасалады», – деді ол. 

Премьер-министр айтқандай, елордада, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Түркістан, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында ревакцинациялау қарқыны жақсарған жоқ.

«Демек, бұл мәселеге әкімдер дұрыс қарамай отыр. Сондықтан  аталған өңірлер бұл жұмысты тездету керек», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.