Қалалық қоғамдық-саяси газет

Польша азаматшасы Қазақстан президенттігіне үміткер болғысы келеді

0 174

Польша азаматшасы Қазақстан президенттігіне үміткер болғысы келеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Польша азаматшасы Балли Мажец Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер ретінде қатысу ниеті туралы өтінішпен бірнеше рет жүгінген. Польша азаматшасына Конституцияның және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарға қатысты қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді», – делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Республика Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес кем дегенде қырық жастағы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, соңғы он бес жыл Қазақстанда тұратын және жоғары білімі бар азамат қана Қазақстан Республикасының президенті болып сайлана алады. Конституциялық заңда Республика президенттігіне үміткерлерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.