Қалалық қоғамдық-саяси газет

Полиция бір топ тұрғын прокурорға тап берген видеоға қатысты пікір білдірді

0 261

Түркістан облысының Полиция департаменті бұған дейін әлеуметтік желіде тараған шулы видеоға қатысты түсінік берді. Бейнежазбада жол апатынан кейін тұрғындардың наразылыққа шыққан сәті түсірілген. Белгілі болғандай, тәртіп сақшыларына бағынғысы келмеген жүргізуші олардан қашамын деп апатқа ұшырап, оқиға орнында мерт болған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі сілтеме Экспресс К. жасап

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 28 қыркүйек күні Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Көксәйек ауылында болған. Тәртіп сақшылары күдік тудырған «ВАЗ» көлігін тоқтатады. Алайда оның жүргізушісі полицейлердің заңды талабына бағынбай, жасырынуға тырысқан. Қашамын деп жол апатына түскен. «ВАЗ» көлігі мен «Audi 100», «Mazda 626» көліктері соқтығысқан.

Жол апаты болған жерге аудандық полиция мен прокуратура басшылығы және жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден барған.

 

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Іс Түркістан облысы ПД басшылығының жеке бақылауында.

Жол апатынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі сол жерде қайтыс болды, ал оның жолаушысы мен «Audi 100» жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жол апаты болған жерден ешқайда кетпегені анықталды, — деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған видео бойынша Қылмыстық кодекстің 378-бабы (Билік өкілін қорлау) және Қылмыстық кодекстің 380-бабына (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Халық құзырлы орган қызметкерінің ұялы телефонын тартып алмақ болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.