Қалалық қоғамдық-саяси газет

Полиция басқармасының дәретханасында қылмыстық істерге қатысты құжаттар шашылып жатыр

0 438

Назерке Ризабекова есімді адвокат Facebook-те Павлодар қаласы Полиция басқармасының дәретханасында қылмыстық істерге қатысты құжаттардың шашылып жатқанын жазды деп хабарлады turkystan.kz.

Ол әжетханада дәрет қазағының орнына қылмыстық істерге қатысты құжаттардың шашылып жатқанын көрген.

«Не деген жабайылық! Дәрет қағаздарын табу қиын болса, сотқа дейінгі тергеу құжаттарын шашуға кім рұқсат берді?! Дәретхана ортақ емес пе?» – деп жазып, Ішкі істер министрлігі мен Павлодар облыстық Полиция басқармасына осы оқиғаға байланысты құжаттардың авторларын сотқа дейінгі тергеу құжаттарын жариялағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Көп ұзамай, оған Павлодар облыстық Полиция басқармасының жетекшісі Василий Скляр жауап беріп, қызметтік тексерудің болып жатқанын айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.