Әлеуметтік желіде көше бойында автокөлік жүргізушісінен пара алған полицейдің әрекетін айыптаған бейнежазба жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
Алайда бұл видео жақында түсірілмеген екен. Оның осыдан екі жыл бұрын түсірілгенін almaty_police_department парақшасын қолданушы айтқан. Ол бейнежазбаның 2020 жылы түсірілгенін, пара алған полиция қызметкері мен оның бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған. Оған amangeldiev_maksim аккаунтының иесі: «Өздерің бересіңдер, сосын ренжисіңдер» деп жауап жазған.