Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодарда қыз алып қашқан жігіт ұсталды

0 294

Полицейлер қыз алып қашқан жігітті ұстады. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Павлодар облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шағымданған адам полицейлерге түскі ас ішу үшін достарымен бірге кафеде кездескенін айтқан. Біраз уақыттан кейін жігіттердің бірі құрбысын сөйлесу үшін кафеден сыртқа алып шыққан.

Содан кейін жастар қаланы аралап, бір сағаттан кейін келетін болып келіскен. Біршама уақыттан соң шағымданушыға құрбысын алып қашып кеткенін, бір айдан кейін үйлену тойы болатынын айтқан.

Факті бойынша ҚК-нің 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталды.

Жуырда Қостанайдан Шымкентке «қалыңдық әкелемін» деп барған Жұмабаев Полиция департаментінде көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.